Иелері
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Сервиске жазылу
Жаңалықтар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Қостанайдағы Allur зауытында Қазақстан нарығы үшін жаңартылған Kia К5 бизнес-седанының өндірісі басталды
26 маусым 2024

Қостанайдағы Allur зауытында Қазақстан нарығы үшін жаңартылған Kia К5 бизнес-седанының өндірісі басталды

Kia-ның Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Allur Motor Qazaqstan компаниясы Қостанайда орналасқан Allur зауытында KIA K5 жаңартылған бизнес-седанының өндірісі басталғанын хабарлайды. 

Kia K5 – брендтің жаһандық бестселлерлерінің бірі, беделді дизайн және технология марапаттарының иегері. Шанағының едәуір ұлғаюына байланысты жаңартылған К5 автокөлігінің салоны – өз сегментінде ең кең әрі ең жайлысы. Автокөлік сыртқы түрін бұрынғыдан да заманауи етіп көрсететін бірқатар жаңартуларға ие болды, ал жабдығы жоғары технологиялық. Жаңартылған Kia K5 автокөлігіне күшті әрі үнемді Smartstream қозғалтқыштары орнатылған. Бірқатар заманауи қауіпсіздік және жүргізушіге көмек жүйелері пайда болды. Жаңартылған K5 автокөлігінің  дөңгелектері өлшемі жағынан үлкен,  19 дюйм болатын дөңгелектер жеңіл қорытпалы құйма дискілерге орнатылған. Базалық жабдықталымда люк бар, ал одан жоғары нұсқалардың төбесі – панорама.

Өндіріс мүмкіндіктері елдегі осы танымал модельге деген сұранысты қанағаттандыруға, тұтынушылардың тапсырыстарының тез әрі үздіксіз орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Allur Қостанай зауыты – еліміздегі автокөлік құралдарының барлық түрлерін өндіретін жалғыз кәсіпорын, өндірушінің жоғары стандарттары бойынша өнеркәсіптік құрастыру талаптарына толық жауап беретін алғашқы зауыт. Кешеннің өндірістік ауданы – 104000 м2, штатта 3500-ден аса қызметкер жұмыс істейді. Зауыт жылына 125 000-нан астам автокөлік шығаруға қабілетті. 2010 жылы өндіріс іске қосылғаннан бері республикадағы аймақ пен сала үшін маңызды технологиялық жетістіктер жасалды. 2023 жылы Allur 90 000 автокөлік шығарды, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Қостанайда өндірілген автокөліктерге Kia-ның зауыттық кепілдігі – 5 жыл немесе 150 000 км жүріс әрекет етеді. Жаңартылған Kia K5, Қазақстан Республикасының нарығына арналған автокөліктің жабдықталымы мен бағасы туралы толық ақпаратты брендтің ресми дилерлерінен және сайтынан алуға болады.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right